Оқиға 27 Ақпан, 2025

«Странджа» турнирі: Боксшылар жартылай финалға шықты

63 рет
көрсетілді

София (Болгария) қаласында бокстан өтіп жатқан халықаралық «Странджа»  турнирінде бірнеше боксшымыз өз салмақ категорияларында жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

86 келіге дейінгі салмақта Бекзат Нұрдәулетов француз Абулайе Траоремен күш сынасып, үш раундтың қорытындысы бойынша 5:0 есебімен жеңіске жетіп, жартылай финалға шықты.

Тағы бір 86 келіге дейінгі салмақта Нұрбек Оралбай ағылшындық Скотт Тигнмен кездесіп, 5:0 есебімен жеңіп, жартылай финалға өту құқығына ие болды. Айбек Оралбай да ирландиялық Годстайм Идемудианы 5:0 есебімен жеңіп, жартылай финалда өнер көрсетеді.

Сонымен қатар, Фарух Тоқтасынов ағылшындық Патрик Хейвитті жеңіп, ширек финалға жолдама алды.